Павлодардағы картон-рубероид зауытының жұмысына тоқтап қалу қаупі төніп тұр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы картон-рубероид зауыты жұмысының тоқтап қалу қаупі төніп тұр. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау бойынша кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембай Тұрғанов хабарлады.

«Біздің нарыққа ресейлік рубероидтік өнімдер келіп түсе бастады, ол ПКРЗ-ның осыған ұқсас өнімдерінен 40-60 пайызға арзан», - деп атап өтті Д.Тұрғанов.

Қазақстандық нарықтың жабындық жұмсақ материалдарға қажеттілігін жүз пайызға өтей алатын өндіріс қалыптасқан жағдайда осыған ұқсас өнімдер өндіретін ресейлік өндірушілерімен бәсекелестік құра алмайды.

ПКРЗ директорының м.а. Мұрат Нұрғалиевтің пікірінше, жағдайды өзгерту үшін Павлодар мұнай-химия зауытынан арзандатылған битумның 14 мың тоннасын жеткізу қажет. Рубероидтың бағасының жартысын битум құрайды. Ресейлік жұмсақ жабынды өндірушілер битумның бір тоннасын 50-55 мың теңгеге алады. Павлодарлық кәсіпорынға жергілікті мұнай-химия зауыты битумын 73 мың теңгеден сатады, сондықтан ПКРЗ өнімнің бағасы жағынан көршілерінен басынан-ақ ұтылады.

Облыс басшылығының пікірінше, бұл мәселені сондай-ақ Қазақстандағы қажеттіліктерді отандық жеткізушілер жаба алатын тауарларды импорттауға немесе квоталауға уақытша тыйым салуды, шектеу қою туралы шешім қабылдау шеше алады.

Соңғы жаңалықтар