+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Павлодардағы Бұқар жырау музейі волонтерлерді жәдігер жинауға жұмылдырмақ

2020 жылғы 20 қаңтар 05:35
Бөлісіңіз:
Павлодардағы Бұқар жырау музейі волонтерлерді жәдігер жинауға жұмылдырмақ

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде еріктілермен еркін кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Полицейлер мен волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты Күршімдік еріктілер жалғызбасты қарттарға көмір алып берді – ШҚО Волонтерлерден сыйлыққа үй алған ақтөбелік қарт көзіне жас алды

Музей қызметкері Досжан Мұратбектің айтуынша, шараның негізгі мақсаты - биылғы Еріктілер жылына орай өңіріміздегі волонтер жастармен бірлесе отырып, облысымыздағы мәдени шаралардың ауқымын кеңейту, бірлесіп тың бастамаларды ұйымдастыру.

- Жалпы еріктілермен қолға алғалы отырған бастама негізгі үш бағыттан тұрады, - деді Досжан Мұратбек. – Біріншісі – «мобильді поэзия» жобасын қолға алу. Бұл бағытта еріктілер кез келген ақынның өлеңін оқып, ұялы телефондарына түсіріп, бізге жолдайды. Жаз айларында үздік шыққандарға Баянауылға экскурсия ұйымдастыру жоспарланған. Ал, екіншісі – ерікті экскурсия жүргізушілерді жасақтап шығару. Үшіншісі – еріктілерді музей қорына жәдігер жинауға жұмылдыру. Бүгін осы жұмыстардың басы ретінде музейімізде еркін кеш ұйымдастырдық.

Шара барысында қазақ поэзиясы қорынан өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалды, ұтқырлық ойындар ойнатылып, қонақтарға сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, кештің ерекшелігі әр түрлі пішіндегі 3D голограммалар – қозғалмалы бейнелер көрермен қауымға ұсынылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT