Павлодардағы балалар үйінде «Ризашылық. Балалар игілігі үшін мейірімділік» мерекесі өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйіндегі 18 балаға арналған «Ризашылық. Балалар игілігі үшін мейірімділік» мерекесі өтті. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен хабарлады.
«Балаларға арналған осындай қайырымдылық акцияларын ҚАЖ қызметкерлері үнемі өткізіп отырады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін атап өту құрметіне ұйымдастырылған шараның барысында біз жасөспірімдерге футбол доптарын, ал бүлдіршіндерге - әр түрлі ойыншықтар, дамытатын ойындар мен тәттілерді сыйға тарттық», - деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Айгүл Сыздықова.
Өз кезегінде балалар қонақтарға ән мен биден шашу шашты. Мереке соңында ҚАЖ қызметкерлеріне балалар үйінің директоры Жанат Қанафина алғысын білдірді.
- 2020 жылы 936 мыңнан астам адам АӘК алды
- Баспанасы банктің балансында тұрған 1 350 ипотека алушыға қосымша көмек көрсетілді - агенттік
- Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады
- Велосипед ұрлаған Ресей азаматы 12 жылдан кейін Павлодарда ұсталды
-
Екібастұзды дамытудың стратегиясы керек - Президент
-
Павлодар облысында Қарағандыға бара жатқан шағын автобус аязда күре жолда қалып қойған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам