Павлодардағы ауылдардың біріне 750 бас асыл тұқымды сиыр жеткізілді
2022 жылғы 30 маусым 06:19

Павлодардағы ауылдардың біріне 750 бас асыл тұқымды сиыр жеткізілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Биыл өңірдегі Веселая роща ауылында жалпы құны 2,8 миллиард теңге болатын тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілген, оған Австрия мен Чехиядан 750 бас сүтті, симментал асыл тұқымды ірі қара мал әкелінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтағы Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимовтің айтуынша, қазіргі уақытта құнажындардың бұзаулауы басталған. Күн сайын шамамен 2 тонна сүт сауылады. Жобалық қуаттылыққа шыққан кезде бұл көрсеткіш жылына 4 мың тоннаға жететін болады.

«Жалпы, соңғы 3 жылда мал санының және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің тұрақты өсу үрдісі сақталуда», - деді Айтуған Шайхимов.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда қазақша білім беретін алғашқы мектеп-лицей бой көтергенін мәлімдегенбіз. Онда соңғы бес жылда мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің қатары артқан. Соның ішінде төрт аралас мектеп толығымен қазақ тіліне ауысты.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT