Павлодардағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 30 тоннадан астам өнім сатылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 9 мамыр күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Павлодардағы «Квазар» базарының жанында өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Арман Асиповтың ақпараты бойынша, бүгін облыс орталығының кәсіпкерлері өз өнімдерінсатылымға шығарды. Оның ішінде «Ақжар Өндіріс», «Ласка» ЖШС бар. - 30 тоннадан астам көкөніс, сүт және басқа да өнімдер әкелінді, - деп атап өтті Арман Асипов. Баға нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен. Келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сенбіде, 11 мамыр күні өтеді. Оған Баянауыл, Май, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының кәсіпорындары қатысады.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 мамырдан бастап ет сату «Квазар» базарында жүргізіледі, - деп нақтылады бөлім басшысының орынбасары - Баға көтерілмейді. Орта есеппен алғанда жылқы еті келісінің құны - 1500 теңге, сиыр еті - 1400, қой еті - 1300 теңге.

Соңғы жаңалықтар