Павлодардағы аукцион: 16 сотық жер 16 млн теңгеге жуық ақшаға жалға берілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында жерді жалға беру бойынша аукцион өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ләззат Қабиева аукционға 16 сотық жер қойылғанын айтты.

«Бүгінгі аукцион жеңімпаздарына 3 жылға дейін жалға алу құқығы беріледі. Аукциондағы бастапқы бағалардың жоғарысы 700 мың теңгеге жуық. Шараға қатысу үшін әр адам 50 АЕК, яғни 120 250 теңге кепіл сомасын төлеуі керек. Бүгін көбінесе құрылыс, өндірістік базаға қызмет көрсетуге арналған объектілер қойылады.

 Осы жылдың сегіз айында өткізілген аукциондардан мемлекетке 58 миллион теңге түсті. Жыл соңына дейін тағы 2-3 аукцион өткізу жоспарланып отыр», - деді Ләззат Қабиева.

Аукцион барысында Транспортная көшесіндегі құрылыс салу, орналастыру және өндірістік базаға қызмет көрсетуге арналған жер бастапқы бағасы 686 мың 250 теңгеге қойылып, 15 млн 938 мың  959 теңгеге жалға беру бойынша сатылды. Аталмыш жерге үш адам үміткер болды.

  Айта кетейік, жерді жалға алу құқығына ие болғандар бекітілген соманың 50 пайызын 5 күннің ішінде өтеуі керек. Қалған 50 пайызын 30 күннің ішінде төлеуге тиіс. Аукцион жеңімпазы өз шешімінен бас тартқан жағдайда кепіл ақшасы қайтарылмайды. Ал, жер аукионда сатылған құнынан 10 пайыз арзандатылып, екінші үміткерге ұсынылады. 

Фото: pavlodarnews.kz

Соңғы жаңалықтар