Павлодардағы алюминий зауыты өндірістік шаңның көлемін 55 мың тоннаға қысқартады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің экологиясын тұрақтандыру туралы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үшін аса маңызды мәселелердің бірі – қоршаған ортаны қорғау. Біз кәсіпорындармен, экологиялық белсенділермен және профильді министрлікпен бірге бірқатар бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізіп отырмыз. Осылайша, алюминий зауытында гибридті электр фильтрлерін іске қосу арқыл шаң көлемі жылына 2,4 мың тоннаға дейін төмендетілді. 10 жылдық бағдарлама тағы 55 мың тоннаға қысқартуды көздейді», - деді әкім.

Аймақ басшысы аталған тәжірибе өзге де өндіріс ошақтарына енгізілетінін айтты.

«Осыған ұқсас технология Ақсу қаласында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамына тиесілі электр станциясының энергия блоктарында да енгізіліп жатыр. Сондай-ақ қазақстандық электролиз зауытының цехтарында жеңдік сүзгілер ауыстырылуда. Кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында көгалдандырудың үлесі өсіп келеді. Биыл 28 мыңнан астам тал отырғызылады. Экологиялық мониторинг саласында автоматтандыру жалғасады», - деді Әбілқайыр Сқақов.


Соңғы жаңалықтар