+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Павлодардағы алаяқ атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген

2021 жылғы 27 шілде 05:34
Бөлісіңіз:
Павлодардағы алаяқ атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Павлодардағы алаяқтың интернет арқылы атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдегені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Орал тұрғыны арзан көлік сатып алам деп 400 мың теңгесінен айырылды СҚО-да алаяқтар әйелдің атына бес банктен 8,5 млн теңге несие алған «Boeing-767» ұшағының Атырауға шұғыл қону себебі белгілі болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 24 шілдеде Атырау қаласында тұратын 40 жастағы азаматтан шағым түскен.

«Шағымданушының айтуынша, оның ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы белгісіз

біреу 1 млн теңге несие рәсімдеген. Жәбірленушінің атына интернет арқылы несие рәсімдеген алаяқ Павлодар облысының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену ) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 60 адамды жұмысқа орналастыруға уәде берген

алаяқ ұсталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT