Павлодардағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам қаза тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда 10 қабатты үйден өрт шығып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«2021 жылдың 9 мамырында сағат 21:02-де Павлодар қаласының Камзин көшесі 364 үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Белгілі болғанындай, 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. 21 сағат 30 минутта өрт оқшауланды. Өрт болған жерді тексеру барысында 4 адамның денесі табылды. Пәтерден 1 әйелдің жанып кеткен денесі, есік алдында газ иісінен уланып жатқан тағы бір ер адам мен нәрестесі бар әйел адам табылды. Оқиға орнында 28 адам, 8 техника мен өрт сынағы зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр»,-деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводан хабарланғанындай, кісі өлімі мен қааза тапқандардың кім екені анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар