Павлодарда ЗИЛ қағып кеткен 43 жастағы әйел көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда жаяу жүргінші 63 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан автокөліктің астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 ақпан күні 14.00-де Павлодардағы Ермак көшесі, 96/2 үйіне қарама қарсы беттегі жаяу жүргіншілер жолында «ЗИЛ-431412» автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі 43 жастағы әйелді қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшілерге.

Осы факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Автокөлік айып тұрағына қойылды», - деп толықтырды полиция өкілдері.


Соңғы жаңалықтар