Павлодарда жылу жүйесіне зақым келіп, 4 көшедегі үйлер жылусыз қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы Всеволод Иванов көшесінде орналасқан жылу жүйесіне зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС Всеволод Иванов көшесі 49/1 мекенжайы бойынша орналасқан жылу жүйесіндегі ақауды жөндеу жұмыстарын бастады», - деп мәлім етті Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы күндізгі сағат 12 шамасында.

Ведомство деректеріне сай, ақауларды жөндеуге бір топ маман мен бес техника жұмылдырылған.

«Жөндеу жұмыстары 2022 жылдың 21 қаңтары сағат 16:00-ге дейін аяқталады», - деп қосты инспекциядан.

Всеволод Иванов 49/1, 62, 62/1, 64, 64А, 66, 68, Қарағанды 52, 58, 61, 63, 64, 65, 67, Кисловодская 55, 56, 57 және Ыстықкөл 64 мекенжайлары бойынша жылу өшірілгені хабарланды.


Соңғы жаңалықтар