Павлодарда жылу трассалары мен жертөлелерді паналаған 10 адам табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жылу трассалары мен жертөлелерді паналаған 10 адам табылды.Олардың барлығы Павлодар қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Күннің суытуына байланысты полицейлер белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар көп жиналатын орындарға рейд жүргізуде. Тәртіп сақшылары бір күннің ішінде ғана жылу трассалары мен жертөлелерден 10 адамды тауып алды. Олар өздерінің туыстық байланыстарын үзіп, көшеде тұруды жөн көреді. Осындай жағдайға қалай тап болғандығы туралы әркімнің өз тарихы бар», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Бұл адамдар жылыну үшін құдықтардан, жылу тораптарынан, көп қабатты үйлердің жертөлелерінен паналайтын жер іздейді. Оның соңы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Жазатайым оқиғалар мен өрт болуы мүмкін немесе күйік шалып, жарақат алуы ықтимал.
Полиция департаменті егер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар туралы ақпарат болса, «102» нөмірі бойынша хабарлауды сұрайды.
Айта кету керек, әрбір патрульдік учаскеде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың орналасқан жері - жылу трассалары, кәріз құдықтары көрсетілген карта бар.


Соңғы жаңалықтар