Павлодарда жүргізушісі жоқ КамАЗ автокөлікке соғылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар - Екібастұз автожолында көлігіне қол тежегішті қоспауы салдарынан апаттық жағдай туғызған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қалқаман ауылы маңындағы Павлодар - Екібастұз автожолында жол бойындағы дәмханалардың бірінің жанында КамАЗ жүргізушісі көлік қойып жатқан кезде қол тежегішті қоспаған. Салдарынан жүк көлігі жоғарыдан төмен қарай қозғалған күйі «Ниссан» көлігіне соғылған.
- ЖКО фактісіне қатысты КамАЗ жүргізушісі ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша тәртіп сақшылары Павлодар облысының 158 тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартқан.


Соңғы жаңалықтар