Павлодарда жұмыссыз жастар оқып, кәсіпкер атануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодарда 135 жұмыссыз жас кәсіпкерлікке оқытылды. Қазіргі уақытта олардың 37-сі мемлекеттік грант алу құқығына ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығының оқыту бөлімінің жетекшісі Зарина Уықпаева жастардың «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы оқытылғанын атап өтті.

«Бұл оқуда жоқ және жұмыссыз жастарға арналған жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба. Оқуды аяқтағаннан кейін оларға сертификат беріледі. Сертификат арқылы өзінің бизнес жобасымен 200 АЕК мөлшеріндегі грант ала алады немесе 6 пайызбен 5 жылға 16 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар», - деді Зарина Уықпаева. –

2019 жылы 135 жас адамды оқыту жоспарланған. 135 адамды екі топқа бөлдік. Бірінші топта 68 адам оқуын аяқтаса, екінші топтағы 67 адам бүгін аяқтайды. Бірінші топта оқуын аяқтаған жастардың бүгінде 37-нің 200 АЕК немесе 505 мың теңгелік грантқа өтінші қабылданған.

Кәсіпкерлік курсын тәмәмдағалы жатқан Павлодар ауылының тұрғыны Нұржан Еркін ауылында дүкен ашуды мақсат етіп отыр.

«Қазір әр адамның жеке кәсібі болғаны дұрыс деп ойлаймын. Өзім әлеуметтік дүкен ашпақпын. Сол арманымды жүзеге асыру үшін осы курсқа келіп отырмын. Курстан кәсібімді қалай алып жүру керектігін үйрендім. Өзімнің аздаған қаражатым бар. Алдағы уақытта грант алу арқылы мемлекеттің көмегімен дүкенді іске қосу жоспарда бар. Ауыл тұрғындарына қажетті зат сатқым келеді. Жалпы дүкенді іске қосу үшін қазіргі кезде 1 миллионға жуық қаражат керек. Енді грантқа ие болсам, қаржы жеткілікті болады - дейді Нұржан Еркін.

Жастарды оқытып жатқан бизнес бапкер Гүлзина Балтабаеваның айтуынша, курсты аяқтаушылар облыстық комиссия алдында бизнес жобаларын қорғайды. Жалпы, курс барысында 60 сағат тренинг өтеді. Жеке консультациялар да қарастырылған. Оқу аяқталғаннан кейін де жастар 12 ай бойы бапкер немесе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнесін жүргізуге кеңестік сүйемелдеу ала алады. «Жас кәсіпкер» жобасына арналған курста бизнес идеяны таңдау, қаржы жоспарлау, нарықты зерттеу, есеп жүргізу сияқты бизнесті алып кетуге керекті 10 тақырып қамтылған.


Соңғы жаңалықтар