Павлодарда жұмысшы төленбеген жалақы үшін тамырын кесті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда жұмысшы жалақы төлемеген кәсіпорынның басшылығына барып, сол жерде тамырын кескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол осы проблемаға назар аударту үшін осылай істеді, - деп мәлім етті еңбек басқармасынан. – Бірақ бұл - азаматтық-құқықтық қатынас. Біз оған мердігерлік келісімшартты жасаған азаматты сотқа беру жөнінде кеңес бердік, ол сотқа шағымдануы тиіс».

Ведомствоның мәліметінше, сот кімнің кімге қанша ақша берешек екенін анықтауы керек. Бүгінде еңбек инспекциясы «Олимп-ПВЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

«Мүмкін олар бұл мәселені бейбіт жолмен шешер. Шынымен де жалақыға ақша қарыз ба, қарыз болса, қанша деген сияқты мәселелерді талқылап, бір келісімге келуі мүмкін. Ол жағдайда тіпті сотқа берудің қажеті болмайды», - деп түсіндірді еңбек басқармасындағылар.


Соңғы жаңалықтар