Павлодарда жұқа мұз үстінде қалған екі адам құтқарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталығында құтқарушылар Ертіс өзеніндегі жұқа мұзға серуендеп шыққан екі адамды шығарып алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекті тексеру кезінде құтқарушылар Ертіс өзеніндегі жұқа мұзға шыққан ер адам мен баланы көріп қалған.

«Осы жерге жедел түрде жеткен құтқарушылар мұз үстінен 1986 жылы туған ер азамат пен 6 жасар баланы шығарып алды. Олар орнатылған тыйым салу белгілеріне назар аудармастан, өз өмірлеріне қауіп төндірген»,- дейді департаментте.

 Осыған байланысты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары облыс тұрғындарын қатты ағын мен бұлақтар бар жерлерде мұздың қыс бойы қатпайтынын ескертіп, сақтық танытуға кеңес береді.  

Соңғы жаңалықтар