Павлодарда жүк көлігі 53 жастағы әйелді қағып өлтірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар полициясы 53 жастағы әйелді қағып, өлтірген жүк көлігінің жүргізушісін қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның айтуынша, артқа жүріп бара жатып, байқамай қалған. 1966 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Белялова.

Оның айтуынша, әйел адамды қаққан жүргізушінің жасы 38-де.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Павлодар облысы полиция департаментіндегілер.


Автор: Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар