Павлодарда жолдағы қауіпсіздікке немқұрайлы қараған мекемелер айыппұл арқалады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 10 айында жолдарды күтіп ұстамағаны, жолдарда жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 209 лауазымды және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында аймағымыздағы полицейлер үнемі тексеріп отырады.
Ағымдағы жылдың 10 айында автожолдарға 1240 тексеру жүргізіліп, қорытындысы бойынша мүдделі субъектілердің атына кемшіліктерді жою туралы 1255 ұйғарым шығарылды.
- Мәселен, жолдарды күтіп ұстай алмаған, ондағы жөндеу жұмыстарының ережелерін бұзғаны үшін 209 лауазымды және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 – ауыл және ауылдық округ әкімдері бар. Оларға 6 млн теңгеден астам соманың айыппұлы салынды. Мысалы, Шарбақты ауданының трассасының 10 шақырымында тексеру жүргізу барысында жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшіліктер анықталды. Филиалдардың бірінің 44 жастағы директорына қатысты автожолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін ҚР ӘҚБтК - нің 631-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік өндіріс қозғалды, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бәкібай Ахмедьянов.

Сонымен қатар, есеп беру кезеңінде 185 теміржол өтпесі тексерілген. Онда қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтың дұрыс түспеуі, төсемнің қанағаттанарлықсыз жай-күйі анықтаған. Осы кемшіліктерді жоюға 185 ұйғарым берілді. Темір жол өтпелерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 25 лауазымды тұлғаға шамамен 730 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар