Павлодарда жолаушының әмиянын жымқырған астаналық жігіт қолға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық тұрғынның әмиянын ұрлады деген күдікпен Астана қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Полиция басқармасына әмиянының ұрланғаны туралы өтінішпен 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Таңертең бойжеткен маршрутты автобусқа отырып, бірнеше аялдама өткеннен кейін түсетін кезде сөмкесіндегі амиянының жоғалғанын білген. Дереу тәртіп сақшылары іздеу шараларын жүргізіп, екі сағат ішінде аталған қылмысқа қатысы бар 26 жастағы астаналық жігіт анықтады. Ол бұған дейін осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деді баспасөз қызметінен.

Күдіктіден бойжеткен қыздан ұрланған мүлік тәркіленді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар