Павлодарда жолаушыларды өзен арқылы тасымалдайтын такси іске қосылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жолаушыларды өзен арқылы тасымалдайтын такси түрі іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы маусымда «Эллинг-ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Усольский шағын ауданы - Благовешенск шіркеуі және Омбы-Семей бағыттары бойынша жүретін такси қызметін жолға қояды. Ол үшін Ресейден жаңа кемелер сатып алынбақ. Осы мақсат бойынша ауқымды инвестициялық жоба іске қолға алынады.

Павлодар қаласының әкімдігі жақында өзен таксиінің таныстырылымын ұйымдастырмақшы.

«Су таксиі қызметін жолға қою - қаланың көлік инфрақұрылымын су нысандарын кеңірек пайдалану есебінен жетілдіруге ықпал етіп, Павлодар тұрғындары мен онда келуші қонақтар үшін көлік қызметін дамытып, аймақтың туристік тартымдылығын арттырып, Павлодардың келбетін де әрлендіре түспек»,-деді ТОО «Эллинг-ПВ ЖШС-нің директоры Александр Волков.

Аталмыш компания өкілдері жаз мезгілінде Павлодарда Ертіс өзені арқылы саяхат ұйымдастыру ісін қолға алмақшы. Өз кезегінде бұл бастама балықшылардың Ертістің екінші бетін жеткізуге мүмкіндік береді. Жаз мезгілінде сонымен қатар оқушылар үшін де саяхат ұйымдастыру жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар