Павлодарда жолаушылар отырған автобус өртке оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 13:33-да Павлодардағы №22 бағытындағы автобустың қозғалтқышынан өрт шықты. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін қоғамдық көліктен 10 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Жалын 13:47-те сөндіріліп, 14:03-де толығымен ауыздықталды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», - деді Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, ол автобус өртін сөндіруге Павлодар облысы өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылғанын айтты.

Өрттің себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар