Павлодарда жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 26 қыркүйек күні республикалық маңызы бар «Ленин кенті-Ақсу-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов» автожолының 25-35 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Жөндеу жұмыстары биыл маусым айының ортасында басталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .

Жолшылар тасжолға асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіз және кедергісіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қаласындағы автомобиль жолдарының бойы жарықтандырылып, жол жиектері салынды. Сонымен қатар демалыс алаңдарында күн сәулесінен қуат алатын шамдар орнатылып, жолақтар сызылды.

Ұзындығы 10 шақырым учаскенің бойында 6 жарықдиодты жол белгілері орнатылды. Жүргізушілердің қолайлығы үшін 2 автопавильон, 3 демалыс алаңы жөнделіп, жаңа дәретхана орнатылды. Учаскедегі жұмысқа 22 білікті маман мен 16 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар