Павлодарда жол қозғалысын реттеуші полицейді пикап қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін пикап қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар қаласында 9 қарашада сағат 14:30-да Назарбаев пен Лермонтов көшелерінің қиылысында «Toyota Hilux» (пикап) көлігінің жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметінің инспекторы, кіші лейтенант Құрманғали Бисембаевты қағып кетті», делінген хабарламада.

Полицей кеудесінен жарақат алып ауруханаға жатқызылды. Оны дәрігерлер қарап шықты, қазір емделіп жатыр.

1989 жылғы пикап жүргізушісі оқиға орнында ұсталды, маманның мәлімдеуінше ол ішімдік ішпеген. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Оқиғаға қатысты ҚР ӘҚБК 310 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар