Павлодарда жол көлік оқиғасынан екі жүкті әйел зардап шекті

Фото:
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда екі жүкті әйел жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.


Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына шақыру 27 сәуір, сағат 09:56-да түскен. Апаттан бес адам зардап шекті. 36 жастағы ер адам мен 33 және 25 жастағы екі әйел бірінші ауруханаға жеткізілді. Тағы екі адамды – 36 жастағы әйел мен 5 жасар баланы ауруханаға жеткізудің қажеті болмаған.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 33 жастағы әйел жүктіліктің 16-аптасында, ал 25 жастағы әйел 8-аптасында екені анықталған. Біріншісіне төменгі жақтың жұмсақ тіндерінің жарақаты, екіншісіне үстіңгі еріннің жарақаты диагнозы қойылды. Екеуі де амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді.
Дәрігерлер ер адамның басының жұмсақ тіндерінің жарақатын анықтады. Ол да үйден ем қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар