Павлодарда жол бойында отырған ер адамды көлік қақты

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда көлік қаққан ер адам ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 04.35-те Академик Сәтбаев көшесіндегі 35-ші үйге қарама-қарсы аумақта орын алған.
- «Opel Astra» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, 1975 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігінде отырған. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, - деді баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар