Павлодарда жол апатынан ер адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жол апатынан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметерге қарағанда, 21 қараша күні сағат 04:25 шамасында Сәтбаев пен Есенәлиев көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізуші жол қоршауына соғылған, соған қармастан ол әрі қарай қозғалысты жалғастыра берген. Сөйтіп, жарықтандыру тірегіне, ағашқа және үйдің қоршауына соқтығысты.

Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ


Соңғы жаңалықтар