Павлодарда жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі мас болып шықты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер ішімдікке тойып алып жүйткіген мас жүргізушіні ізінен қуып жетіп ұстады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 және 612-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

- 10 қыркүйек күні сағат 17.45 минут шамасында облыстық департаменттің патрульдік полиция ротасының экипажы аға лейтенанттар Жандәулет Рамазанов пен Алишер Латипов Омбы тас жолында, Достық кентінің маңында жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан «ВАЗ 2107» автокөлігін байқаған. Жүргізуші полицияның «тоқта» деген талаптарын елемей одан сайын жылдамдықты қосып, Павлодар қаласына қарай жүйткіген. Мұндай жағдайда күтуге болмайтын еді. Себебі, үлкен жылдамдықпен қозғалатын көліктен зардап шегу қаупі болды. Екінші автопатруль дереу оның соңына түсті. Көлік Мичурин ауылының маңында ұсталды, - дейді полиция полковнигі, департамент бастығы Нұрлан Мәсімов.

Алкогольге тойып алған 30 жастағы ауыл тұрғыны серуендеуге бел буып, әкесінің көлігін мініп кеткені анықталды. Бұған қоса, оның ешқашан көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.
Материалдар сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.
Айта кетерлігі, 2020 жылдың басынан бері Павлодар облысында мас жүргізушілер жасаған 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам көз жұмған және 19-ы жарақат алды.
Сондай-ақ полиция 734 жүргізушіні мас күйінде көлік руліне отырғаны үшін ұстаған.








Соңғы жаңалықтар