Павлодарда жоғалып кеткен студент Өскеменнен табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полиция қызметкерлері Павлодарда жоғалып кеткен студентті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары павлодарлық әріптестерінен 17 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы хабар алған.

Көлік және коммуникация колледжінің директоры 15 ақпанда сағат 13.32-де полицияға хабарласып, студенттің хабар-ошарсыз кеткенін айтқан. Белгілі болғандай, ол кетер алдында группаластарына қоштасу хатын жазып кеткен. Директор студент Өскеменге кетуі мүмкін деген болжам жасады.

Полиция қызметкерлері жоғалған жігіттің достарымен және таныстарымен сөйлесіп, оның Өскеменге жету үшін таксиге тапсырыс бергенін анықтады. Студент әлеуметтік желілердегі достарының хабарламаларына, қоңырауларына жауап бермеген.

«Павлодарлық әріптестер хабарласқаннан кейін кәмелетке толмаған баланы іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылды. Соның нәтижесінде, оны көп ұзамай таптық. Студент Қабанбай батыр көшесінде жүрген. Ол мұнда өзінің танысына келген», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.


Соңғы жаңалықтар