+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Павлодарда жоғалған екі бала бір күннен кейін табылды

2019 жылғы 31 тамыз 20:11
Бөлісіңіз:
Павлодарда жоғалған екі бала бір күннен кейін табылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Павлодар облысында орманда жоғалып кеткен балалар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

30 тамыз күні сағат 21:07-де Павлодар облысы Шарбақты ауданының кезекші бөліміне сол күні Шалдай ауылында 3-сыныпта оқитын 2011 жылы туған қыз бала мен, 4-сыныпта білім алатын 2010 жылғы ер бала жоғалғаны туралы хабар түскен.

Туғандарының айтуынша, балалар қыдыруға шығып кетіп, қайта оралмаған. Ұялы телефондары болмаған.

Балаларды іздестіруге Шарбақты аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, департаменттің криминалдық полициясының қызметкерлері, қызметтік-ідестіру иттері, сондай-ақ «Ертіс орманы» қызметкерлері жұмылдырылды. Кәмелет жасқа толмағандарды іздестіруге 500 адам, 60 автокөлік қатысты.

Іздестіру шараларының нәтижесінде балалар 31 тамыз күні таңертең табылды. Дәрігерлер тексергеннен кейін олар ата-аналарына тапсырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT