Павлодарда ЖЭО-3 өртеніп жатыр

Фото:
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы кәсіпорын аумағында трансформатор өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сағат 18:25-те Павлодар қаласындағы Северная промзона, 50 көшесі мекенжайында орналасқан «Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-3 аумағында жеке тұрған трансформатор өртенді», - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында сегіз өрт сөндіру көлігі, ТЖД-нің 26 қызметкері, апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері мен бір техника, бір көлікте «Семсер-Өртсөндіруші» ЖШС төрт қызметкері жұмыс істеуде. Сондай-ақ басқармадан трансформатор майының төгілмей жанып жатқанын қосып өтті.

«Трансформатор №3 турбина цехы ғимаратының жанында орналасқан, қазіргі уақытта ашық жану жоқ. Цех ішіндегі электр сымдары да өртеніп жатыр, олар қуаттанған», - деді дереккөз.

Электр энергиясы толық сөнген жоқ, электр қуатын өшіру кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өрттің аумағы анықталуда.

«Ешқандай оқшаулау және жою жоқ. Жұмыс үшінші разряд бойынша атқарылып келеді», - деп хабарлады департаменттен.

«Өрт толық дерлік сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Электр қуатын беру жағынан ешқандай шектеулер болмайды. Станция бір электр жүйесінде жұмыс істейді. ЖЭО-3 электр энергиясы азайған жағдайда жарық беру басқа энергия көздерінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз етуде де шектеу болмайды. Қазіргі кезде оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салханов.



Соңғы жаңалықтар