Павлодарда Жеңістің 70 жылдығына арналған арналған «Болашақ бүгіннен басталады!» форумы өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанатының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Болашақ бүгіннен басталады» атты форумы өтті.

Білім басқармасының маманы Балжан Әділханова жасөспірімдерді әсіресе аға буын өкілдерімен кездесу қызықтырғанын айтады. Форумның құрметті қонақтары - Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалінің кавалері Әнуарбек Қайдарұлы Құсайынов пен ҚР Ұлттық гвардиясының Петропавл әскери институтының 4-курс курсанты, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің, «Ерлік үшін» орденінің кавалері Ербол Отарбаев балалардың сұрақтарына жауап берді.

Форум күні балалар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған зияткерлік викторинаға қатысып, ел тарихына саяхат жасады. Олар сондай-ақ «Бейнелер тарихы» ерлік сабағы мен «Патриот. KZ» практикумына қатысты.

Форумда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тарих парақшалары» атты балалардың әлеуметтік жобалары мен буклеттерінің көрмесі жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар