Павлодарда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, 1 адам мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жол апаты болып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 сәуір сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында көлікке жол бермей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысқан.

Audi автокөлігінде болған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

«Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән - жайы мен себептері тексеру барысында анықталады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар