+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

2021 жылғы 11 сәуір 17:23
Бөлісіңіз:
Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жеңіл көлік тұрғын үйге соғылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алды Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды

Облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 11 сәуір күні сағат 01.30-да «ВАЗ – 21099» жүргізушісі Гагарин көшесімен келе жатқан. М.Жүсіп көшесімен қиылыста «Audi» көлігімен соқтығысқан. Екінші көлік соққының күшімен жекеменшік үйге барып соғылған», - делінген ақпаратта.

Салдарынан «Audi» жүргізушісі мен үйде болған екі балаға медициналық көмек қажет болды.

«ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі қашып кетпекке әрекеттенді. Алайда ол Жамбыл көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Машина айып тұрағына қойылды. Аталмыш факті тіркелді. сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде», - деп қосты облыстық ПД-дан.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, көлік жеке үйдің бұрышына соғылған. Баспананың қабырғасы жарылып, кірпіштері зақымданған, үй ішінде жылу батареясы майысқан. Кереуетте ұйықтап жатқан баланың үстіне кірпіш құлаған.

«Балалар ұйықтап қалған еді. Мен қорадан шығып бара жаттым. Кенет қатты соққы болды. Audi қоршауды бұзып өтіп, үйге соғылды. Кірпіштер қызымның үстіне түсті. Оның кереуеті дәл осы бұрышта тұрған еді. Бірден жедел жәрдем мен полиция шақырым», - деді үй иесі Марат Әлімов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT