Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып, ізін суытқан жүргізуші ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция көше қиылысында 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытқан «Марк 2» маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Тәртіп сақшылары көлікті анықтап, оның иесін ұстады. Ер адам полицияға оның көлігінің ұрланғанын мәлімдеген.

«Тергеу барысында оның көлігін ешкім ұрламағаны анықталды. Павлодарлық осылайша жол-көлік оқиғасын өз мойнына алудан құтылмақшы болған», - деп хабарлады Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шегушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 419-бабы «Жасалған қылмыс туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар