Павлодарда жаяу жүргінші жолағында екі адамды көлік қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда жүргізушілері адам қағып кеткен екі көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қараша сағат 07:20-да Павлодарда Солтүстік өндіріс аймағы Инженерия орталығы аялдамасына жақын жерде Volkswagen Golf автомобилі 62 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, көлік адамды қағып кеткеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Полицейлер адам қағып кеткен көлікті анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. «Тосқауыл» жоспары енгізіліп, полиция күдіктіні ұстады», - деді ПД-дан.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

«4 желтоқсан сағат 17:00-де Солтүстік өндіріс аймағы көшесінде Audi 100 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі 38 және 39 жылғы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар бағдаршамы жоқ жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан», - деді құқық қорғау органдары тағы бір жағдай туралы.

Зардап шеккендер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Департаменттің мәліметінше, автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.


Авторы Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар