+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Павлодарда жастарға арналған 10 млн теңге «Ертіс дарыны» сыйақысы тағайындалды

2019 жылғы 14 шілде 05:33
Бөлісіңіз:
Павлодарда жастарға арналған 10 млн теңге «Ертіс дарыны» сыйақысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодардың Жастар бастамаларын дамыту орталығында қоғамның белсенді буынымен кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Шардарада жергілікті билік пен белсенді жастар кездесті Біз жастардың арманына жетуіне көмектесіп жатырмыз - Бақытжан Сағынтаев Дәурен Абаев Қазақстанның белсенді жастары туралы айтты

Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өңір жастары қатысты.

- Республикада жыл сайынғы жастарға арналған «Дарын» үкіметтік сыйлығы бекітілген, - деп атап өтті Болат Бақауов. - Жастар жылы біздің облыста осындай сыйлықты қарастыруды және оған «Ертіс дарыны» атауын беріп, лауреаттар үшін кемінде 10 млн теңге жүлде қорын тағайындау туралы тұжырымдама әзірлеуді ұсынамын.

Аталмыш сыйақыны 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні тапсыру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Павлодарда «Болашақ» қауымдастығының филиалын ашу ұсынылды. Бүгінде прокуратура органдарында жұмыс істейтін халықаралық стипендия иегері Ержан Досымжанов өңірде осы бағдарлама бойынша оқыған 200-ден астам адам бар екенін атап өтті.

- «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алғандар үшін алаң құрылса, халықаралық стипендияға үміткерлер сол жерде оқуға түсу мен оқудың қыр-сыры туралы білетін еді, - деді Ержан Досымжанов. - Өкінішке орай, облыста мұндай алаң жоқ. Статистика бойынша, аймақта 203 түлек болса, менің WhatsApp тобымда тек 20-сы ғана бар. Біз NIS мектебінің платформасында үнемі кездесіп тұрамыз. Бұл білім ордасының директоры Ринат Жұмабаев болашақтық болып табылады. Барлық 203 адамды жинау мүмкін емес, сондықтан платформа қажет.

Облыс әкімі Болат Бақауов жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында қауымдастықтың филиалын құруды және онда тек «Болашақ» стипендиаттарын ғана емес, сонымен қатар шетелде білім алғандардың барлығын біріктіруді ұсынды.

«Болашақ» республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинованың айтуынша, елімізде 8 Корпоративтік қор жұмыс істейді. Ол павлодарлықтарға қолдау көрсетуге уәде беріп, аймақтарға бағытталған Network, Жастар кадрлық резерві, «Жастар Отанға» жастар фестиваліне қатысуға шақырды.

Отырыстың соңында өңір басшысы жастар орталығына вокалдық-аспаптық ансамбльге музыкалық аспаптар сатып алу үшін сертификат табыс етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Жастар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT