Павлодарда жалған вакцина паспортын сатқан емхана меңгерушісі мен қызметкерлері ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында медициналық қызметкерлер вакциналаудың жалған төлқұжаттарын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру шарасын өткізді.

Оның барысында вакцина төлқұжатын қолдан жасады деген күдікке ілінген Павлодар қаласы емханалардың бірінің медицина қызметкерлері ұсталды.

Осылайша, бұл емхананың меңгерушісі, жалпы тәжірибе дәрігері, сондай-ақ екі мейірбике адамдарды белгілі бір сомаға вакцина алғандар туралы мәліметтер базасына тіркеді деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында медицина қызметкерлері вакциналау туралы 200-ден астам жалған төлқұжат толтырғаны орнатылды.

Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 285-бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар