+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды

2019 жылғы 13 қараша 10:33
Бөлісіңіз:
Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Сот Павлодар қаласының «телефон террорисіне» үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Зейнет жасын төмендету және әр балаға жәрдемақы төлеу туралы хабарлама - жалған Әр балаға - 11 мың теңге: Желіде тараған қауесетке қатысты министрлік түсінік берді Шымкентте Әділет департаменті қызметкерлері борышкерлердің шетелге заңсыз шығуына жол берген

«Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Павлодар қаласының тұрғыны сот шешімімен екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ мәжбүрлі түрде бір жыл ішінде 100 сағат еңбекке тарту және айыппұл салу жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу кезінде ер адамның тұрғылықты жерін ауыстыруына, көңіл көтеру орындарына баруына, тиісті органдарға хабарламай басқа жерлерге баруға құқығы жоқ, сондай-ақ нашақорлықтан емдеу курсынан өтуі тиіс «, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Павлодар тұрғыны академик Марғұлан көшесінің №118 үйінің кіреберісінде терроризм актісі болғаны туралы хабарлаған.

«Оқиға орнына полиция мен жедел қызметтер жіберілді. Тексеру кезінде факт расталмады, бұл хабарлама жалған болып шықты. Жедел-іздестіру барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрын сотталған 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол мас күйінде ұялы телефонынан 112 операторының пультіне қоңырау шалып, террорлық әрекетті көріп отырғанын айтқан», - деді департаменттегілер.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Сот, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT