Павлодарда зауыт аумағындағы ағаштар не себепті кеуіп қалғаны айтылды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Қоқымбаев «Қазақстан алюминийі» АҚ зауыты аумағында ағаштардың құрап қалған себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биыл бұл мәселені 3-4 экологиялық кеңесте талқыладық. Бұл – санитарлық-қорғау аймағы, кәсіпорын аумағында санитарлық ережелерге сәйкес 40% дейін жасыл желек отырғызылуы міндетті», - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Қазақстан алюминийі» АҚ зауыт аумағын көгаландыруға тендер жариялаған. Мердігер ағаш отырғызудан басқа, оларға күтім жасауды да қамтамасыз етуге тиіс еді. Бірақ ағаштарға дұрыс күтім көрсетілмегендіктен олар кеуіп қалған.

«Бұл мәселе бақылауға алынды, жағдай жақсарады деп ойлаймын. Мердігерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айыппұл салуы тиіс», - деді Экология департаменті басшысының орынбасары.

Спикер биыл ғарыш түсірілімдері арқылы ағаш отырғызатын жерлерді анықтап, аумақты бақылауға алатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар