USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды

2021 жылғы 26 қараша 22:20
Бөлісіңіз:
Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері қала емханаларының бірінің медбикесі коронавирус инфекциясына қарсы жалған вакцинация паспортын жасағанын анықтады, деп хабарлаййды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан емделіп жатқан 405 науқастың жағдайы ауыр Коронавирус пен пневмониядан 13 науқас көз жұмды Коронавирус: Ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуал қандай

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, медбике сол үшін бірнеше рет азаматтардан жалпы сомасы 160 мың теңге ақшалай сыйақы алған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 24 –бабы (Заңсыз сыйақы алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұлтартпау шарасы - келу міндеттемесі таңдалды»,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының құқық қорғау органдары төлқұжаттарды қолдан жасады деген күдікпен Павлодар қаласының емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін анықтап, ұстады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT