Павлодарда үйінде көз жұмған сәбидің өлімі тексерілуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Павлодар ауданына қарасты Красноармейка ауылында екі жасар сәби өз үйінде көз жұмды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, оқиға 13 маусым күні болған.

«2016 жылы туған балаға ауылдық амбулаторияның дәрігері сағат 17. 05-те шақырылған. Он минуттан соң үйге жеткен медицина қызметкерлері баланың шетінеп кеткенін анықтады. Баланың өлімі туралы ақпарат аудандық ІІД-не хабарланды», - деді баспасөз хатшы.

Сәбидің денесі сот-медициналық сраптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар