Павлодарда үшінші рет «Домбыра Party» өтті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда орталық жағажайда жыл сайын дәстүге айналған «Домбыра Party» өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының маманы Оразбек Бақытханның айтуынша, аталмыш шара соңғы 3-4 жыл аралығында еліміз бойынша кеңінен таралып келеді. - Бұл шара басында эстафета ретінде ел аумағында жайылып кетті, - деді Оразбек Бақытхан. - Біздің өңірде әр жыл сайын Асыл Әбіш, Жарқынбек Амантай ағаларымыздың бастамасымен өткізіліп жүрген. Мұндағы басты мақсат - халық әндерін, күйді, домбыраны насихаттау. Бұл - ешқандай байқау емес. Халық көп жиналатын орындарда әншілер, күйшілер домбыраларын алып барып өз өнерлерін көрсетеді. Ниет білдірген адамдар да ойнай алады».

Биылғы «Домбыра Party» шарасына алты күйші, бес әнші қатысты. Екі сағатқа жалғасқан жиында көрермендер әуезді ән мен күмбірлі күйлер тыңдап, рухани демалып қайтты. 

Соңғы жаңалықтар