Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты мәлімет шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 35-бабының 1-бөлігі 11-тармағының негізінде тоқтатылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

- Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты жас балалардың анасының өзі жасағандығы анықталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Еске сала кетейік, былтыр күзде Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылған. 9 қараша күні сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден құралды алып, есікті ашқан.

Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген.

Ерлі-зайыптылар бірге тұрған, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған.

Соңғы жаңалықтар