Павлодарда ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің республикалық форумы өтуде

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ республикалық форумы өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алқалы жиын жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған. Бұл ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлік контекстті толығымен зерделеу мақсатында үш жақты ынтымақтастық қарқынын көрсетуге мүмкіндік береді. Форум 4 бағытта: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» өткізілуде. Форум жұмысына бизнес-құрылым, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының, орталық және мемлекеттік органдар өкілдері қатысуда.

Екі күндік форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі. Оның аясында үш жақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, «кіші» отанды дамытуға әлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда. Оған қоса, мастер-класстар, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қою жоспарланған. Сонымен қатар, алғаш рет «ASAR activity» жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберінде форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.

Айта кетейік, алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген, биылғы форум Павлодар қаласында өтуде.

Соңғы жаңалықтар