Павлодарда түзеу мекемелерінің ең әдемі қызметкер әйелін таңдады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар қаласында қылмыстық-атқару жүйесінің әйел қызметкерлерінің арасында «ҚАЖ аруы» облыстық байқауы өтті, деп хабарлады аталған аймақтың ҚАЖ департаментінен.

«Мұндай шараны бірінші рет өткізудеміз, ол 8 наурыз мерекесіне орайластырылған. Байқауға жұмыс істейтін түзеу мекемелерінде іріктеу кезеңінен өткен тоғыз бойжеткен қатысты», - деп атап өтті Павлодар облыстық ҚАЖ департаментінің өкілі Айгүл Сыздықова.

Құрамына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, ҮЕҰ мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ журналистер кірген қазылар алқасы «ҚАЖ аруы-2015» атағын АП-162/2 мекемесінің сотталғандармен тәрбиелік жұмыс жүргізу жасағының бастығы Динара Баймағамбетоваға берді.

Екінші орынға АП-162/4 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы Анна Воротова лайық деп танылса, үшінші орынды жас маман Мәдина Нұрғалиева иеленді.

Соңғы жаңалықтар