Павлодарда түйнемеден көз жұмған азаматтың тұрғылықты жері болмаған

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында түйнеме («сібір ойық жарасы») диагнозымен бір ер кісі көз жұмды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зере Садақова мәлім еткеніндей, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаған.

Оның сөзіне қарағанда, 51 жастағы Бекболат Рахметов Павлодар облысы Ертіс ауылының тумасы және тұрақты тұрғылықты жері болмаған. Түйнемемен қатар, оның бойында басқа да дерттер болғаны анықталды.
Ауруханаға ол ауыр халде жеткізілген және бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның денсаулығы 15 шілде күні күрт нашарлай бастады.

17 шілде күні түнгі 2:00-де ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Ал таңғы сағат 06:10-да оның жүрегі соғуын тоқтатты. 20 минут бойы оған жан сақтау бойынша шаралар жасалған, алайда оның жүрегі қайтып соқпады. 06:30-да Б.Рахметовтің өлімі тіркелді.

Соңғы жаңалықтар