Павлодарда түрмедегі наубай аналарға арналған бәліш пісірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Алты жыл бұрын анасынан айырылған сотталушы Александр Греб барлық әйелдерге арнап қойытылған сүт қосылған бәліш әзірледі, деп ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Келе жатқан мереке алдында мекеменің әйелдер қауымын қуантқым келді, осылайша барлық аналарға арнап бәліш әзірлеймін деп шештім. Мекеме әкімшілігі ойымды қостады, бұл мені одан әрі шабыттандыра түсті, нәтижесінде қойытылған сүт қосылған тәтті бәліш әзірледім. Менің ілтипатымды әйелдер қауымы жақсы бағалайды деп үміттенемін. Анамның мен пісірген бәліштен дәм татқанын қатты қалар едім», - деді 162/2 Павлодар колониясында жазасын өтеп жатқан Александр Греб.

Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Гребтің анасы алты жыл бұрын өмірден озған, енді оны көруге келе алмайды. Александр – Екібастұз қаласының тумасы. Үйде оны күтіп отырған екі қарындасы бар. Ол бір жылдан кейін түрмеден босайды.

«Греб мекеме наубайханасында еңбек етеді, мұнда күніне 250 нан пісіріледі. Жаңа піскен ыстық нан жазасын өтеп жатқандардың таңғы асына ұсынылады», - деді ҚАЖ департаментіндегілер.

Наубайшының демалып отыратын көп уақыты жоқ, себебі ол біреуін бітіргенде келесі партия үшін ұн илеуге кірісуі керек. Бұл – күнде қайталанады, дейді департамент өкілі.

«Қыс аяқталатын мерзім мен үшін ауырға соғады, себебі алдағы мерекеде менің көңіл-күйім түсіп кетеді. Өйткені анаңның тірі жаныңда жүргені үлкен бақыт екендігін ойлай бермейміз. Жақын адамың өмірден өткеннен кейінгі жан ауруын емдеу мүмкін емес. Оның мұншалықты ауыр тиетінін білмеппін. Анашым, кезінде жүрегіңді ауыртқаным үшін кешірім сұраймын, менің көңілім мәңгі қапалы», - дейді А. Греб.

Департаментте отбасы, үйі, ата-аналары қоғамнан бөлінген сотталғандардың, олардың ішінде, әсіресе, жастардың ұзақ жылдарға сүйенішіне айналатындығын айтты. Түрмедегілерге тамақ жеткізетін, кездесуге келетін анасы оларды бостандықта күтетін жалғыз адам.

«Біздің ата-анамыз – ең үлкен қолдаушымыз. Олар – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Бірнәрсе болса, біз әрқашан ата-анамыздың алдына келетінімізді білеміз. Олар бізге ақыл айтып, қандай да бір істі қалай дұрыс жасау керектігін көрсетеді. Ата-анасын жоғалтқан адам өз жүрегі мен жанының бөлшегін жоғалту қайғысы мен мұңымен таныс», - дейді психолог Мамыргүл Жайықбаева.

Психологтың айтуынша, ата-анадан айырылған сәтте адам өмірінде бәрі өзгереді. 162/3 колониясының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айбек Өреспаев мұндай шаралар сотталғандарға әлеуметтік пайдалы байланысты бір қалыпта ұстап тұруға, сонымен қатар бостандыққа шыққаннан кейінгі психологиялық жағдайына оң әсер ететіндігін айтты.


Соңғы жаңалықтар