Павлодарда түрме сақшысы сотталушының қашып кетуіне жол бермеді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Ұлттық ұланның әскери қызметкері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен сотталғанның қашуының алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 сәуір күні сағат 12:30 шамасында Павлодар қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі-24 мекемесінде учаскелердің бірінде сотталғандар ішкі тыйым салынған аймаққа, бақылаушылардың жолына өтіп кеткен.

«Күзетші сотталған азаматтың қашу әрекетін байқап, ескерту жасаған. «Тоқта! Артқа! Тоқта! Атамын!» деп айқайлап, дабыл түймесін басқан. Артынша дереу қарауыл бастығына хабарлап, жоғары қарай ескерту ретінде бірнеше мәрте атты. Сотталған адам ішкі тыйым салынған аймақта кезекші қызметтің күшімен ұсталды» деп хабарлады Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Уәкілетті органдар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді.

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және 6679 әскери бөлімінің командирімен бірлесіп қызметтік тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар