Павлодарда Түркия елшілігінің ауызашарында 300 адамға Құран кітабы берілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының сегізінші күні Қазақстандағы бауырлас Түркия елінің елшлігімен бірлесіп облыстық орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінің үлкен асханасында 300 адамға ауызашар дастарханын жайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі мәлім еткен. Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы ауызашарға жиналған қауымға қасиетті Рамазан айының берекесін тілей келе, еліміздегі Түрік елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын бастаған елшілік қызметкерлеріне бауырластық ықыласы, ниет-пейілі үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, дастархан басына ораза тұтып жүрген қарапайым жамағатпен қоса арнайы шақырылған зағиптар қоғамы мүшелері, қаламызға танымал қадірлі аталар мен апалар және зиялы қауым өкілдері шақырылды. Ауызашарға қатысқан әр адамға түрік ағайындарымыз сыйға тартқан қасиетті Құран Кәрім кітабы қойылды.
null

"Қасиетті Құран аяттары оқылып, ел-жұртымызға бейбітшілік, тыныштық, амандық-саулық, Рамазан айының берекесін тілеген бата-дұғаларға ұласып, өнерпаз жігіттер дәстүрлі Жарапазанның да бірнеше нұсқасын әртүрлі әуендермен орындап, үлкен-кіші қауымның жадын жаңғыртты. Жас ақындар діни өлеңдер оқыды. Шат-шадыман көңіл қошына бөленген жамағат үйлеріне дастархан басынан бір-бір Құран кітабын құшақтап қайтты", - дейді Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы. 

Соңғы жаңалықтар