Павлодарда туристік нысандар туралы телефон арқылы білуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлықтар маусым айынан бастап үш тілде ақпарат беретін тегін телефон желісіне хабарласып, туристік нысандар туралы біле алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Ардақ Досанов мәлім етті. «Маусым айында үш тілде тегін туристік желі іске қосылады. Кез келген қоңырау шалған адам өңірдегі туристік нысандар мен маршруттар туралы ақпарат ала алады», - деді А. Досанов.

Оның айтуынша, ақпан айында теміржол сапаржайында ақпараттық баған тұрғызылды. Қала қонақтары осы жерден туристік нысандарға қатысты мәліметтен хабардар болады. 

Соңғы жаңалықтар